KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Ерлан Серікжанов Тунисте жүлдегер атанды

25.01.2018, 03:30 185

Тунисте өткен дзюдодан ересектер арасындағы әлемдік гран-при бәсекесінде жерлесіміз Ерлан Серікжанов жүлдегерлер қатарына ілікті.


Дүбірлі додада ел құрамасы сапында екі шығысқазақстандық дзюдошы өнер көрсеткенін айта кеткен жөн. 66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Үржар ауданының тумасы Ерлан Серікжанов жарыстың алғашқы күнінде америкалық Алаа Эль Идрисиді, ал одан кейін испандық Альберто Гайтеро Мартинді тізе бүктірді. Бұдан соң чехиялық Павел Петриковтен айласын асырған Ерлан қола медаль үшін өткен белдесуде ресейлік Иса Исаевтан айласын асырды. Осылайша, Ерлан Серікжанов жүлделі үшінші орыннан көрініп, есебіне 350 ұпай жазды.


Тағы бір жерлесіміз, 100 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Жасұлан Мұхаметжанов алғашқы белдесуінде-ақ жапондық Йошика Кираға жол берді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив