KZ
Өскемен
+4°
небольшая облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Үржарлық дзюдошы «Grand Slam» турнирінің күміс жүлдесін жеңіп алды

29.10.2018, 06:31 189


Ерлан Серікжанов дзюдодан Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Абу-Даби қаласында өтіп жатқан «Grand Slam» халықаралық турнирінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Байрақты бәсекеде 66 келіге дейінгі салмақта сынға түскен үржарлық татами шебері алғашқы белдесуде «иппон» әдісімен португалиялық Жоао Крисостомоны, ал екінші айналымда түркіменстандық Батыр Гурбаниязовты жеңген болатын. Жарыстың ширек финалында израильдік Барух Шмаиловтан айласын асырған Серікжанов жартылай финалда испан мықтысы Альберто Гайтеро Мартинді вазари ұпайымен ұтқан-ды. Ал финалда грузин спортшысы Важа Маргвелашвилимен кездескен жерлесіміз қарсыласына қосымша уақытта жол беріп, осылайша доданың күміс жүлдегері атанды.


Естеріңізге салайық, Ерлан Серікжанов үшін бұл – 2018 жылы қол жеткізген үшінші жүлде. Бұған дейін ол Марокконың Агадир қаласында өткен Гран-При турнирінде және Әзірбайжан астанасы Бакуде жалауын желбіреткен Әлем біріншілігінде күміс жүлдеге ие болған-ды. Алда жерлесімізді Өзбекстан мен Жапонияда ұйымдастырылатын байрақты бәсекелер күтіп тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив