KZ
Өскемен
-1°
ясно жел 1,3 м/с, В
479.23 534.96 5.16

Шығыстың семсерлесушілері еліміздегі ең үздік команда атанды

15.10.2018, 04:43 187


Шығысқазақстандық семсерлесушілер Алматы қаласында өткен Қазақстан кубогі үшін жарыста топ жарды. Әсіресе, Вадим Шарлаимовтың жетістігін атап өткен орынды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


23 жастағы өскемендік спортшы осымен екінші жыл қатарынан ел кубогы үшін доданың үздігі атанып отыр. Бұған дейін ел біріншілігінің күміс жүлдесі мен Азия ойындарының қола медаліне ие болып үлгерген Вадим бүгінде болашағынан зор үміт күттіретін спортшылардың бірінен саналады.


Алматыдағы додада Шарлаимов Шығыс Қазақстан құрамасының тағы екі мүшесі Руслан Құрбанов пен Дмитрий Адайкиннен басым түсіп қана қоймай, Азия ойындарының жеңімпазы Дмитрий Алексаниннен де айласын асыра алды.


Жалпы, бұл бәсекеде алғашқы үш орынның үшеуіне де шығысқазақстандық семсерлесушілер ие болғанын айта кеткен орынды. Атап айтсақ, топ жарған Вадим Шарлаимовтан кейінгі екі орынға жоғарыда айтылған Дмитрий Адайкин мен Руслан Құрбанов жайғасты.

Жерлестеріміз командалық сында да биіктен көріне білді. Руслан Құрбанов, Дархан Еділқанұлы, Никита Павлов пен Дмитрий Адайкиннің төрттігі қарсылас шақ келтірмей, нәтижесінде тұғырдың ең жоғарғы сатысына көтерілді.


Сонымен қатар бірнеше күнге созылған жарыста бұрымдыларымыз да тамаша нәтиже көрсетті. Әсіресе, жекелей сында қарсылас шыдатпаған Владислава Андрееваның жетістігін атап өткен абзал.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив