KZ
Өскемен
+2°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, З
484.11 528.79 5.03

Өскеменде Көкенай Базаров атындағы жарыс аяқталды

8.10.2018, 11:23 110


Өскеменде еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы, халықаралық дәрежедегі төреші Көкенай Базаров атындағы облыстық турнир мәреге жетті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Белгілі бапкер шәкірттерінің күшімен бес жылда бір рет ұйымдастырылатын додаға негізінен 13 пен 15 жас аралығындағы жас спортшылар қатысады. Биыл да солай болды.


– Мұндай турнирдің біріншісі мен 40 жасқа толғанда өткізілген болатын. Қазір жасым 78-де. Осы уақыт ішінде талай тартысты жарыстың куәсі болдық. Бәрі де шәкірттерімнің және де облыстық денешынықтыру және спорт басқарамысының арқасы. Жарыстардың деңгейі уақыт өткен сайын артып келеді. Бұл жолғы жарыс та көңілімнен шықты, – дейді Көкенай Кәрменұлы.


Айта кетейік, өзінің бапкерлік мансабында Көкенай Базаров 20 спорт шеберін тәрбиелеп шығарыпты. Оның шәкірттері сан мәрте КСРО-ның бүкілодақтық жарыстары мен халықаралық додалардың жеңімпаздары әрі жүлдегерлері атанған. Білікті бапкердің қол астында жаттыққан спортшылардың ішінде Сайболат Мырзабаев, Талап Садыбаев, ағайынды Нұрболат пен Жанболат Тұрғанбаевтар, Болат Ысқақов және Нұрлан Көксегенов сияқты саңлақтар бар.


Биылғы аймақтық додаға да бірнеше байрақты бәсекенің жеңімпаздары қатысып, Көкенай Базаровтың жүлделері үшін күрес жүргізді. Олардың арасында биыл ел чемпионы атанып, Азия біріншілігінде қола жүлдеге қол жеткізген жармалық Әділ Жақсыбаев та болды. Ал жарыс нәтижелеріне келер болсақ, бұл жолғы турнирде әсіресе Өскемен, Семей, Риддер қалаларының сондай-ақ Зайсан, Жарма, Катонқарағай, Күршім, Тарбағатай және Ұлан аудандарының балуандары көзге түсе білді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив