KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, ОШ
481.68 522.48 5

Қазақстанда жаңа киностудия салынады

19.09.2018, 10:39 133


Қазақстанда тағы бір кино түсіретін алаң пайда болмақ. Қазіргі таңда Мәдениет және спорт министрлігі «Astana Film» киностудиясының экономикалық-техникалық негіздемесін жасаумен айналысуда.


Бүгін Мәжілісте «Кинематография туралы» заң жобасын таныстырған министр Арыстанбек Мұхамедиұлы «Astana Film» киностудиясын құру Президенттің тапсырмасы екенін баса айтты.


- Тіпті жер көлемі шағын ғана Венгрия, Чехия секілді елдерде бірнеше киностудия бар. Мысал үшін «Мосфильм» - қазір жеке құрылым, бюджеттен бір тиын алмаса да табысы жоғары студия болып саналады. Бұл кино қызметін қалай құру керек дегенде бізге үлгі болуы қажет, - деді ол.


Спикер «Қазақфильмнің» техникалық жағынан жабдықталуы заман талабына сай емес екенін жоққа шығармады. Заманауи кинокартиналарды жасау үшін жаңа киностудияға барлық жағдай жасалуы керек екенін айтты.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив