Бүгін Өскемен аспанында классикалық әндер әуелейді
Кешкі сағат 17:00-де облыстық драма театрда классикалық әндер шырқалады. Шет елдің һәм өз еліміздің кәсіби әншілері қала күнімен құттықтай келіпті өскемендіктерді. Концерт – тегін, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Кеште Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шахимардан Әбілов, сондай-ақ Әлия Бейсенова, Степан Симонян, Андрес Вераменди, Бранислав Ятич, Дмитрий Мурин, Сүндет Байғожин, Жұпар Ғабдуллина, Сергей Ролдугин сынды әлем жұртшылығын аузына қаратып өнер майталмандары ән шырқамақ.
Дәстүрге айналған «Ақ Ертіс» фестивальі – бұл. Аймақ басшысының бастамасымен өткізілетін бұл шара биыл төртінші мәрте өтіп жатыр.
Оқи отырыңыз