KZ
Өскемен
+11°
пасмурно жел 1 м/с, С
{m-rates-USD} {m-rates-EUR} {m-rates-RUB}

Семей әуежайына Әуезовтің есімі ұсынылды

22.02.2019, 06:21 151

Тұрғындар алдында есеп берген ШҚО әкімі Даниал Ахметовке көпшілік атынан Семей әуежайына елге есімі белгілі жерлестеріміздің бірінің есімін беру жөнінде ұсыныс түсті.


Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше ай бұрын Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласы филиалының төрағасы Мерей Қарт Семей әуежайын «Абай жолы» деп атасақ деген ұсыныс айтқан болатын.


ШҚО әкімінің айтуынша, Семейде Абайдың аты берілген нысандар жетерлік Абай музейі, Абай театры, Абай кітапханасы бар. Оның үстіне «Абай Арена» мәдени-спорттық кешені салынып жатыр.


- Ұсыныс өте орынды. Бұл ретте біз жерлесіміз ұлы жазушы Мұхтар Әуезовтің есіміне назар аударуымыз керек сияқты, - деді Даниал Ахметов.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив