KZ
Өскемен
+13°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, В
444.14 477.05 4.85

«Абай Арена» спорт кешені Қарағайлының ең көрнекті ғимараты болады

5.06.2018, 05:46 220

Семей қаласының аумағынан Қарағайлы атты жаңа тұрғын аудан бой көтеріп келеді. Аталмыш аумақта құны 12 млрд теңге болатын спорт кешені салынып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


«Абай Арена» спорт кешені Қарағайлының ең көрнекті ғимараты болады деген жоспар бар. Облыс әкімі Даниал Ахметов аталмыш нысанның құрылысымен танысып, бірқатар нұсқаулар берді. Шаһардағы екінші әуезді субұрқақ аталмыш кешеннің жанынан бой көтермек.


«Бұл бірегей кешен қаланың мәдени, спорттық тынысына жаңа леп қосады. Бір жылдан кейін бүкіл семейліктер бос уақытын өткізу үшін осында ағылатын болады» - деді Даниал Ахметов. Кешен құрысына «Фирма «Азия» және «Сәт транс» ЖШС мердігер ретінде тартылған. Сәулеті ерекше нысанның жалпы ауданы 14000 шаршы метр болады деп күтілуде. Барлық стандарттарға сай болғандықтан, кез келген деңгейдегі халықаралық жарыстарды қабылдайтын болады.


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив