KZ
Өскемен
+24°
пасмурно жел 4 м/с, В
444.14 477.05 4.85

Айдос Сарым: Шығыс, Батыс, Солтүстік Қазақстан облыстарының атауы өзгереді

22.02.2019, 05:00 22

Былтыр Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан атауын алғаны мәлім. Енді танымал саясаткер Айдос Сарым 2025 жылға дейін Шығыс, Солтүстік және Батыс Қазақстан облыстарының атауы өзгереді деп болжап отыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Нұр.кз сайтына сілтеме беріп.


Сарапшының сөзінше, бұл қадам баппен жүзеге асырылады.


– Халықтың этникалық құрамына назар салсақ, әуелі Батыс Қазақстан атауы өзгереді. Екінші – Шығыс, үшінші – Солтүстік. Мұның алғышарты қазір басталып та кетті. Мәселен, облыстық телеарналар Ақжайық, Қызылжар болып ауысты, – дейді Айдос Сарым.


Мәліметтерге сүйенсек, Солтүстіктегі халықтың 35 пайызы қазақ ұлты.


– Маған Қызылжар, Ақжайық атаулары ұнайды. Ал Шығысты неге Абай демеске? – деп, өз болжамын айтты сарапшы.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив