KZ
Өскемен
+16°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
441.66 475.14 4.86

ШҚО-дағы аудандардың бірін дамытуға 1 миллиард 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлінді

20.02.2019, 04:43 128

Бородулиха ауданын дамытуға 1 миллиард 600 миллион теңгеге жуық қаржы бөлініп отыр. Аталмыш қаражат жолдарды, мектеп пен аурухананы жөндеуге, абаттандыру жұмыстарын жүргізуге жұмсалмақ. Бұл мәліметтер облыс әкімі Даниал Ахметов өткізген ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жол картасын талқылау жиынында айтылды.


Бородулиха ауданы жалпы сомасы 1 жарым миллиард теңгеден асатын инвестицияға қол жеткізіп отыр. Бұл қаржы тұрғындардың тұрмысын жақсарту жөніндегі жұмыстарға бағытталатын болады.


Естеріңізге сала кетсек, осы жылдың 9 қаңтарында ауданға жаңа әкімді тағайындаған аймақ басшысы осы өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қатаң міндеттеген болатын.


Аудан басшысы Ольга Булавкина бөлініп отырған қаражатқа Бородулиха – Жезкент жолының 16-49-шы шақырымы және Жезкент көшелері жаңартылатынын жеткізді. Сондай-ақ, аталған кенттегі мектеп пен ауруханаға жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Мұнымен қоса, аудандық аурухананы жөндеуге 240 миллион теңге, алты ауылды абаттандыруға 160 миллион теңге көзделуде.


– Бұлар – төртінші деңгейлі бюджеті бар ауылдық округтер. Ол елдімекендерге балалардың ойын және спорт алаңдарын, саяжайларды салатын боламыз. Тағы бір түйткіл – аудан орталығында автобекет мүлдем жоқ. Осыған қатысты тұрғындардан, ауылға келген қонақтардан арыз-шағым жиі түседі, – деді Ольга Булавкина. – Олар автобусты көшеде тұрып күтуге мәжбүр. Облыс әкімінің тапсырмасы бойынша биыл 175 жолаушыға шақталған заманға сай автобекет салынуы тиіс. Қазір ғимараттың жобалық құжаттары әзірлену үстінде.


Сонымен қатар, білім саласы бойынша аудандағы 23 шағын комплектілі мектеп заманауи құрал-жабдықтармен қамтылмақ.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив