KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, В
441.58 480 4.86

Көпбалалы отбасылардың 4200 баласы колледждерде тегін оқитын болады - Д. Ахметов

15.02.2019, 10:16 93

Облыс әкімі аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан студенттерді оқытуға кем дегенде 3 миллиард теңге бағыттауды, оларды тамақпен және шәкіртақымен қамтуды тапсырды. Кем дегенде 4200 бала осы көмекпен қамтылуы тиіс, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бұл туралы «Нұр Отан» партиясы облыстық филиалының ХХІІ конференциясында облыс әкімі Даниал Ахметов мәлімдеді.


ШҚО-да жұмысшы мамандықтар бойынша кадрларды дайындау үшін екінші жыл қатарынан жергілікті бюджет есебінен мемлекеттік тапсырыс көлемі 10 пайызға ұлғаюда.


Қазіргі уақытта колледждің 1 студентін шәкіртақымен және ыстық тамақпен қамту үшін жергілікті бюджет жылына 276 мың теңге жұмсап отыр. Мұнымен қоса, облыстық бюджет мұғалімдердің еңбекақысын қаржыландырады, колледждердің коммуналдық және өзге де ағымсдағы шығындарын жабады.


Сондықтан 2019 жылы 6200 жаңадан қабылданған балаға мемлекеттік тапсырыс сомасы 4,5 миллиард теңгені құрады.


Облыс әкімі мектеп оқушылары арасында кешенді кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізуді және оларға еңбек нарығында сұранысқа ие мамандық беруді тапсырды.


Егер қандай да бір себептермен бала байқаудан өте алмаса, ол Тиімді еңбекпен қамту бағдарламасы бойынша кәсіптік-техникалық білім беру мекемесінде тегін оқи алады. Осы мақсатқа ағымдағы жылы әкімдік 1730 студентті қабылдау үшін 900 миллион теңге бөлді.


Осы жылы да былтырғыдай жоғары білімді мамандарды дайындауға гранттар бөлу тәжірибесі жалғасады, яғни жалпы сомасы 450 миллион теңгені құрайтын 400 грант бөлінбек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив