ШҚО-да бопсалаушы ұсталды
Шығыс Қазақстан облысында 37 жастағы тұрғын адам бопсалады деген күдікпен қамауға алынды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Полицияның мәлімдеуінше, күдікті жәбірленушіге қоқан-лоқы көрсетіп, бір миллион теңге талап еткен. Жедел уәкілдер күдіктіні жәбірленушіден 200 000 теңге алып жатқан жерінен ұстады.
– Күдікті өз әрекетін мойындады. Қолма-қол ақша тәркіленді. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Күдіктінің мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, - деді облыстық полиция департаментінде.
ШҚО полиция департаменті жоғарыдағыдай қылмыстық әрекеттер үшін қылмыстық жауапкершілік бар екенін ескертеді. Кез-келген жағдайда бопсалаудың құрбаны болған адамдар құқықтық қорғау органдарына өтінішпен жүгінуі керек, ол үшін 102 жедел арнасына қоңырау шалса, жеткілікті.
Оқи отырыңыз