KZ
Өскемен
-9°
переменная облачность жел 2 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Қазақстанда бұрынғы уақыт белдеуі қайтарыла ма: министрліктің петицияға қатысты жауабы

Фото: maginarius.ru

15.05.2024, 21:11 144 Айжанат Бақытқызы

Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев интернетте Қазақстандағы біртұтас уақыт белдеуіне қарсы петицияға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

Мәжіліс кулуарында шенеунік министрлік ескертулерді мұқият қадағалап отырғанын айтты.

«Мәселе мынада, ережеге сәйкес, алдымен петиция нәтижесін күтуіміз керек, содан кейін бұл нәтижелерді қараймыз. Қазір бұл туралы айтуға ерте. Қазір бұған қатысты министрліктің ұстанымын жариялау мүмкін емес – басқа мемлекеттік органдармен бірге ведомствомыз қабылдаған ресми ұстанымды ұстанамыз», - деді вице-министр.

Төребаевтың айтуынша, петиция бойынша шешім желтоқсанда қабылданады.

«Оны барлық мемлекеттік органдармен қарастырамыз. Қазір желтоқсанда шешілетін мәселені болжамды түрде талқылаймыз. Егер шекті 50 мың дауыс шамасына жетсе, үкіметте жұмыс қайта басталады, петицияны қанағаттандыру немесе қазіргі сағаттық режимді қалдыру мәселесін қарастырады», - деп қосты Төребаев.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу