KZ
Өскемен
-1°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
495.95 524.37 4.98

Өскемендегі бірнеше бөлім басшысының жұмыс бөлмесі кішірейтіледі

13.02.2019, 03:58 63

Қалалық әкімдіктегі бөлім басшыларының жұмыс бөлмелері кішірейтілетін болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Өскеменде Мемлекеттік қызмет істері департаментінің ұйымдастыруымен өткен Әдеп жөніндегі кеңес отырысында шенеуніктердің жұмыс бөлмелері талапқа сай еместігі айтылды. Кейбір бөлім басшылары тым үлкен бөлмеде отырған көрінеді. Бұл бюджетке шығын келтіреді.


Аталмыш департаменттің баспасөз мәлімдемесіне сүйенесек, мәселе былай шешіледі:


– «Ішкі саясат бөлімі» жетекшісінің жұмыс бөлмесі кішірейтіледі (15 м2);


– «Кәсіпкерлік бөлімінің» қызметкерлері басқа бөлмеге көшіп, жетекшісінің бөлмесі кішірейтіледі (17,9 м2). Бөлменің бір бөлігіне (9 м2) орынбасар мен бөлімнің бір штаттан тыс қызметкері отырады;


– «Қалалық ветеринария және ауыл шарушылығы бөлімі» басшысы бөлмесінің бір бөлігі архив болады. Онда ветеринарлық дәрігерлер құжаттары мен арнайы техниканы тіркеу құжаттары сақталады;


– «Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» басшысының бөлмесі екіге бөлінеді (15 м2 және 7,5 м2);


– Финанс, сәулет және қала құрылысы, жер қатынастары сынды бөлімдердің артық бөлмелері жалға беріледі;


– «Дене шынықтыру және спорт бөлімі» Қабанбай батыр, 160 мекенжайына көшіріледі. Ал онда отырған экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі ақпан айының соңында Қазақстан көшесі, 27 мекенжайына көшіріледі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу