KZ
Өскемен
-2°
ясно жел 2 м/с, С
503.42 542.08 6

ШҚО-да ең ауқымды республикалық пікірсайыс турнирі басталды

17.11.2024, 09:00 150 Назерке Каримова

Д. Серікбаев атындағы ШҚТУ-да «Shygys CUP 2024» республикалық пікірсайыс турнирі басталды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Турнирдің басты мақсаты – қоғамда болып жатқан өзекті мәселелерді талқылау арқылы жастардың әлеуметтік және шығармашылық белсенділігін арттыру.

Бұл шараға Қазақстанның ірі қалалары – Астана, Алматы, Шымкент, сондай-ақ Абай, Павлодар, Алматы, Қарағанды, Қызылордадан 70-тен астам пікірсайысшы келіп отыр. Қатысушылардың 24 фракциясы қазақ тілінде және 12 фракциясы орыс тілінде өнер көрсетеді.

Жеңімпаздар арнайы дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталады. Озық болып шыққан студенттер  APPLE MacBook Air ноутбуктерін иеленсе, турнир финалистеріне APPLE Watch SE GPS смарт сағаттары табысталады. Сонымен қатар, «Үздік спикер» және «Үздік төреші номинацияларының иегерлері Yandex Smart Speaker динамиктерімен марапатталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу