KZ
Өскемен
+6°
переменная облачность Штиль
479.05 534.57 5.17

Биыл оңтүстіктен солтүстікке көшетіндерге 7 771 квота бөлінеді

31.01.2019, 03:15 270

2019 жылы қазақстандықтардың еліміздің оңтүстік өңірлерінен солтүстікке ерікті түрде қоныс аудару мақсатына бір миллиард теңгеден астам қаржы бөлінеді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады.


Хабарламада ағымдағы жылы ішкі миграцияға 7 771 квота бөлінетіні туралы айтылады.


«Көшуге кеткен шығындарды өтеуге, тұрғын үйді жалға алуға және коммуналдық қызметтерді төлеуге 1,076 миллиард теңге қарастырылған» делінген ведомство мәлімдемесінде.


Бұдан басқа шетелдегі 2 103 қандасымызға Қазақстанға көшуге рұқсат беріледі. Бұл мақсатқа бюджеттен 597 миллион теңге жұмсалмақ.

2018 жылдың қорытындысы бойынша ел ішінде 4 870 адам көшкен екен. Оңтүстік өңірлер тұрғындарының басым бөлігі Павлодар облысына (1,6 мың адам) қоныс аударыпты. Бұдан кейін Солтүстік Қазақстан (1,3 мың адам), Шығыс Қазақстан (947 адам) және Қостанай (927 адам) облыстары тұр.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив