KZ
Өскемен
+7°
пасмурно жел 1,3 м/с, ОБ
441.58 480 4.86

Қала әкімі Жақсылық Омар өскемендіктердің арыз-шағымын тыңдауға әзір

30.01.2019, 08:51 170

Өскемен әкімі Жақсылық Омар қала тұрғындарымен 6 мәрте кездесу өткізіп, олардың арыз-шағымын тыңдауға әзір, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қала басшысының алғашқы кездесуі 4 ақпан күні сағат 10.00-ге жоспарланып отыр. Бұл күні арыз-шағым айтамын деген ЖМК ауданы, Күленов және Жыланды кенті мен сол жағалаудың өзге де тұрғындары Комсомол көшесі 31/3 мекенжайындағы №47 мектептен табылуы тиіс.


Дәл осы күні сағат 16.00-де қала басшысы Меновное орта мектебінде Прудхоз, Самсоновка, Меновное, Новотроицкое, Ахмер және 28-аудан тұрғындарымен жүздеседі.


Үшінші кездесу 5 ақпан күні 16.00-де Оқушылар шығармашылық сарайында өтеді. Бұл жерге Октябрь және Аблакетка шағынаудандарының тұрғындары келе алады.


Ал 6 ақпанда сағат 10.00-де Металлургтер мәдениет сарайына осы маңдағы тұрғындар мен Прохладный, Кирзавод және Әуежай шағынауданындағылар қала басшысымен жүздесуге келеді.


Дәл осы күні Жақсылық Омар «Өскемен ТМК» ЖШС-ның мәдениет үйінде Согра және Жаңа Согра кентіндегі тұрғындардың арыз-армандарын тыңдайды.


Қала тұрғындарымен қортынды кездесу 7 ақпанда кешкі сағат 16.00-де Өскемен әкімдігінің конферен-залында өтеді. Бұл жердегі шараға қала әкіміннен бөлек қалалық мәслихат депутаттары мен қоғамдық бірлестік өкілдері қатысады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив