KZ
Өскемен
+9°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
485.11 523.82 5.02

Банктер қандай қызметі үшін комиссия алмайтын болды?

27.01.2019, 08:30 64

Жуықта Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев меншік құқығын күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманы одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша заңға қол қойған еді. Осы заң аясында банктерге кейбір комиссияларды алуға тыйым салынады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"Банктердің қос комиссиялар алуына тыйым салуды белгілейтін «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Заңына өзгертулер енгізілді. Яғни банктік есепшотты жүргізгені үшін және осындай шотты ашқан кезде қарыз бергені үшін комиссия алуға тыйым салынды" – деп көрсетілген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив