KZ
Өскемен
+20°
переменная облачность жел 3 м/с, С
452.92 484.99 5.12

Жалақысы төмен азаматтардан 1 пайыз ғана салық ұсталатын болды

25.01.2019, 05:45 163

Биылғы 2019 жылдың қаңтарынан бастап салық, еңбекақы жүйесіне енген басты  жаңалық - жалақысы аз жұмысшыларға салынатын салық көлемінің азайғандығы, оларға салынатын табыс салығы өзгелерден азырақ болмақ.


Ел Президентінің былтырғы  бес әлеуметтік бастамасының тапсырмасына сәйкес «Әлеуметтік қамсыздандыру туралы»  Заңда көрсетілгендей, қаңтардан бастап 25 АЕК-тен  төмен жалақы алатын азаматтардан бұрынғы 10 пайыздың орнына енді  тек  1 пайыз ғана салық ұсталынады. Үнемделген 9  пайыздың ақшасы олардың еңбекақысын көтеруге жұмсалады.


-2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап 25 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейінгі еңбекақы алатын жұмысшыларға салынатын салық көлемі 10  есеге төмендейді. Жалақысы аз жұмысшыдан салық 1 пайыз ғана ұсталынатын болады. Биыл 1 АЕК-2 525 теңге, яғни, еңбекақысы 25 АЕК ке дейінгі,  еңбекақысы  63 125 теңгеден төмен (бұл жалақыдан ұсталып қалатын  салықтық төлемдерді есептемегендегі ешқандай шегерілімісіз нақты сомасы) жұмысшының ақшасынан ұсталатын салық көлемі 10  есеге төмендейді деген сөз. Мысалы, егер жұмысшының еңбекақысы 63 125 теңге делік, оның 10  пайызы міндетті зейнетақы жарнасы болып табылады. Яғни 6 312,5 теңгесі. Осы 6 312,5 теңгені шегеріп тастаған соң  қалған 56 812,5 теңге жалақыдан ең төменгі жалақы деңгейін алып тастаймыз, мысалы, ең төменгі жалақы деңгейі (оның деңгейі әр жылда өзгеріп отырады) 2019 жылы 42 500 теңге болып отыр, 56 812,50-42 500=14 312,50 теңге болып салық салынатын табыс сомасы шығады. Бұдан қалған 14 312т*10 пайызы = 1 431,25 теңге, сонда 10 пайызы -1 431,25 теңге табыс салығы ретінде шегеріледі. Енді салық салынатын табыс 90 пайызға азаяды: Осы 1 431,25 теңге сомасынан 10 пайыз жеке табыс салығы жұмысшыдан алынатын салық тек 1 пайызды -143 теңгені ғана құрайды. Нәтижесінде жалақысы аз жұмысшының алатын айлығына салынатын табыс салығы 10 есеге азаяды. Жұмысшының алатын айлығы  1 288 теңгеге көбейеді, ол бұрынғыдай салыққа кетпей қалтасында қалады, - деп есептеп түсіндірді бізге жалақысы төмен азаматтардың табыс салығы 10 есе қалай төмендетілетіндігін  Шығыс Қазақстан облыстық мемлекеттік кірістер департаменті түсіндіру жұмысы басқармасының бас маманы Жазира Адамбаева.


.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив