KZ
Өскемен
+9°
облачно с прояснениями Штиль
441.79 478.77 4.9

ШҚО тұрғындары аспаннан ерекше құбылысты тамашалады (видео)

23.01.2019, 06:00 259

Шемонаиха ауданының тұрғындарын табиғаттың сирек құбылысы таң қалдырды. Бұлтсыз ашық аспанда пайда болған ерекше жарық бейнежазбаға түсіріліп, әлеуметтік желіде таратылып жатыр, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бейнежазбадан аспан аясында күн ерекше жарқырып, шам секілді түрге айналғанын байқаймыз. Оның маңайында алтын түсті шеңбер пайда болған. Одан жоғарырақ тұста кемпірқосақ түсті ай жаңа туған ай тәріздес жарты шеңбер тұр.


Айта кетсек, мұндай құбылыс қаңтардың бас кезінде Өскемен қаласында да болған.



Ғылымда осыған ұқсас құбылысты гало немесе қоралану деп атайды екен. Гало - Күн және Ай секілді жұлдыздық нысандардың айналасында пайда болатын, пішіні алқаға (не дискке) ұқсайтын айқын көрінетін жарық жолағы болып, ол жарықтың бұлттағы мұз кристалдарынан сынуы және шағылуы нәтижесінде пайда болатын атмосфералық-оптикалық құбылыс. Ол көбінесе сақина пішінді, доға, жарық діңгегі, нұрлы дақ секілді пішіндерде болып, күнді, не айды қоршап тұрады. Ол қызыл, қызғылт сары, сары, жасыл, көк, көгілдір, күлгін секілді 7 түрлі түстің қабаттасуы болып көрінуі мүмкін.


Ата-бабаларымыз қораланудың күннің төңірегінде көрінгенін "күн қоралануы", айдың төңірегінде көрінгенін "ай қоралануы" деп атаған. Бұдан басқа күннің қасынан қатарласқан күн пайда болса оны Сағым күн деп атаған. Атмосферадағы мұз кристалдарын түйдек бұлттар әкеледі, оларға күн (ай) сәулесі шағылысқанда адам көзіне іші қызыл, сырты күлгін сақина пішінді жарықтар көрінеді. Ал, егер су тамшылары күнге шағылысса, одан көбінесе кемпірқосақ секілді құбылыстар туылатыны белгілі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив