KZ
Өскемен
+18°
облачно с прояснениями жел 2 м/с, СБ
444.14 477.05 4.85

Аномалия: Астананың тұрғындары түнгі аспанда ерекше оқиғаны тамашалады

13.02.2012, 18:00 143


Астананың оңтүстік-шығыс бөлігінің тұрғындары 11 ақпан, жұма күні сағат шамамен 21.30-дан 23.00-ге дейін түнгі аспанда ерекше оқиғаны - бір-біріне жақын орналасқан жарық вертикальді кең емес қос жолақты тамашалады.

Жолақтардың сызығы көп болды, ерекше жолақтар кезекпен-кезек ақырын сөніп жатты.

Осындай құбылыс Ресейде де байқалды. Атап айтқанда, өткен жылдың қыс мезгілінде Волгоградтың түнгі аспанында ерекше құбылыс, көрініс пайда болды. Бұл туралы ресейлік БАҚ-тар - түнгі аспанда біресе айқын біресе бозарған вертикальді қызғылт-сұр түсті жолақтар пайда болды, деп жазған еді.

Волгоградтық ғаламшар өкілдері сол кезде түнгі аспанда өте жиі кездесетін астрономиялық құбылыс - «полярлық шұғыла» болды деп болжам жасады. «Полярлық» немесе «солтүстік шұғыла» өте жиі кездесетін құбылыс, бұндай фактілер Волгоградта 1957 және 1958 жылы тіркелген еді.

ҚазАқпарат




Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив