KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

"Мышка" үшін университеттен қуылған семейлік студенттер оқуға қайта қабылданды

18.01.2019, 08:54 146

Семейдегі медуниверситтен шығарылған қыздар «Нұр Отан» партиясы, қалалық әкімдік пен мәслихат араласқан соң қайтадан оқуға қабылданды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Семейдегі медуниверситетте компьютердің тінтуірін кітапханадан дискуссия залына апарған екі студентті оқудан шығарып жібергені туралы бұған дейін жазған болатынбыз. Бұл туралы студенттер аты-жөндерін көрсетпестен өздерінің әлеуметтік желідегі парақшаларында айтқан. Тағы да басқа  студенттер осындай ұсақ-түйек үшін студенттерді оқудан шығарып жіберуге бола ма деген наразы пікірлерін берген.


Желтоқсанның 21-і күні Медуниверситеттің құқықпен қамту бөлімінде анықталғандай, кітапхана қызметкерлері компьютердің қозғалмалы мышкасы жоқ екенін анықтап, қауіпсіздік қызметіне өтініш жасайды. Арнайы тексеру барысында белгілі болғандай, екі студент қыз «Патологиялық анатомия» пәніне дайындалу үшін 21.12.2018 жылы компьютер мышкасын алып, кітапхананың басқа бөлмесіне апарады да сонда ұмытып кетеді. Екі студент өз түсініктемелерінде солай деп жазған. Ал медуниверситет ұжымы болса, бұл екеуі университет имиджіне нұқсан келтірді, сондықтан ҚР Заңнамасына сәйкес шаралар қолдандық дейді.


Медуниверситет ректоры Ерсін Жүнісов БАҚ өкілдері алдында және «Нұр Отан» партиясы филиалының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов, қала әкімі Ермак Сәлімов, мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов қатысқан баспасөз мәслихатында студенттердің оқуға қайта қабылданғанын айтып, түсініктеме берді.


Оның айтуынша, егер студенттер оқудан шығарылған жағдайда 30 күн ішінде жағдай түзелсе, онда олар оқуға қайта қабылданады екен. Екі қыз өздерінің гранттағы заңды орындарына қайта оралды. «Біздің ішкі жағдай болғандықтан ұстаздар да, студенттер де әлеуметтік желіге шыққан жоқ еді. Бірақ, бұл оқиға орын алғаны туралы әлеуметтік желіге қалай тарап кеткені белгісіз болып тұр» деді ректор.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу