KZ
Өскемен
+14°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, ОШ
443.44 480.51 4.88

ШҚО Түркістанға музыкалық субұрқақ сыйлайды

17.01.2019, 05:58 182

Шығыс Қазақстан Түркістан қаласына музыкалық субұрқақ сыйлайды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Қазақтың көне қаласы жақында облыс орталығы болғаны белгілі. Оңтүстік Қазақстанның орнына Түркістан облысы келді. Енді Жаңа облыстың орталығына Қазақстан қалалары сыйлық жасауда.


Шығыс қазақстан облысы Түркістанға сыйлық ретінде музыкалық субұрқақ салып береді.


– Субұрқақтың диаметрі-72 метр, биіктігі 30 метрге жетеді. Музыкалық субұрқақты қазақ, орыс және басқа да тілдерге бағдарламалауға болады, - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары Серік Ақтанов «Хабар 24» телеарнасына.


Нысанның құны әлі белгісіз. Естеріңізде болса, бұған дейін ШҚО мұндай сыйлықты Астанаға жасаған. Оған облыс бюджетіне миллиард теңгеге жуық қаржы жұмсалған.


Қосымша айта кетер болсақ, Түркістанға өзге қалалар мындай тарту жасайды: Алматы облысы «Жастар сарайы» ғимаратын, Солтүстік Қазақстан олимпиадалық резервтегі спорт мектебін, Батыс Қазақстан тарихи-қасиетті орындар орталығын, Қостанай облысы «Қазақстан халықтары облыстық Ассамблеясының» ғимаратын, Қызылорда шығыс моншасын, Астана қаласының әкімдігі «Астана» алаңын, Алматы «Медиа – орталық» ғимаратын, ал Шымкент қаласы – Облыстық ғылыми - әмбебап кітапхана салып береді. Ақтөбе облысы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы, Атырау - ашық аспан астындағы мәдени-тарихи мұражай, Жамбыл облысы «Әзірет Сұлтан» қорық-мұражайы аумағында мәдени-тарихи орталық салады.


 


 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив