KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

Қолайсыз ауа райына байланысты "Қазгидромет" ескерту жасады

Pexels.com

19.05.2024, 10:00 161 Назерке Каримова

Синоптиктер болжамы бойынша 19 мамырда еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, республиканың орталығында жаңбыр, бұршақ жауады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Республика бойынша шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.

Еліміздің оңтүстігінде жел соғады, солтүстік-батыс пен солтүстікте тұман түседі.

Қарағанды, Ұлытау, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Қызылорда Батыс Қазақстан, Түркістан облыстарында жоғары өрт қаупі және Абай облысының оңтүстігінде, Үржар ауданында, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қаупі бар.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу