ШҚО-ның намысын қорғайтын өнертапқыштар анықталды
Облыс оқушылары арасында әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру шеберлерінің байқауы өтті.
Үздіктер республикалық байқауда бақ сынайды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.
Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы техникалық шығармашылық және өнертапқыштардың (әуе, зымыран, көлік, кеме құрастыру) республикалық жарысының облыстық кезеңін өткізді.
Бұл байқаудың мақсаты – облысымызда балалардың техникалық шығармашылығын дамыту, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, білім алушылардың өзін-өзі кәсіби анықтауы үшін жағдай жасау.
Оқушылар радиомен басқарылатын көлік модельдерін, тікелей жүретін автотрассалық модельдеу, әуе, кеме, зымыран модельдерін жасады.
Барлығы 29 оқушы жүлдегер атанды. Өскемен қаласы, Зайсан және Глубокое ауданынан қатысып, жеңімпаз атанған он оқушы жарыстың республикалық кезеңіне қатысады.