KZ
Өскемен
+33°
небольшая облачность жел 2 м/с, Ю
474.83 515.38 5.5

ELORDA CUP: 14 БОКСШЫМЫЗ ЧЕМПИОН АТАНДЫ

ҚР Спорт комитеті
ҚР Спорт комитеті
19.05.2024, 11:00 99 Назерке Каримова

12 мамыр күні басталған III Elorda Cup турнирі мәресіне жетті.

Жарыс қорытындысы бойынша 24 салмақта жеңімпаздар анықталып, 8 боксшы былтырғы чемпиондық атақтарын қорғап қалды, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

ҚР Спорт комитеті ақпараты бойынша, 6 күнге жалғасқан бәсекеде ерлер арасындағы командалық есепте Қазақстан алда (9 алтын, 8 күміс, 14 қола). Одан кейін Өзбекстан мен Қытай боксшылары. Әйелдер арасындағы командалық есепте де отандастарымыз озық шықты (5 алтын, 5 күміс, 11 қола), одан кейінгі орындарда Қытай мен Үндістан қыздары тұр.

Чемпион атанған жерлестеріміз:

51 келі. Сәкен Бибосынов

54 келі. Карим Серкебаев

57 келі. Махмұд Сабырхан

60 келі. Талғат Сырымбетов

67 келі. Нұрбек Мурсал

75 келі. Тимур Нұрсейітов

86 келі. Нұрбек Оралбай

92 келі. Сағындық Тоғамбай

+92 келі. Қамшыбек Қоңқабаев

57 келі. Карина Ибрагимова

60 келі. Виктория Графеева

63 келі. Аида Әбікеева

70 келі. Мадина Нұрышева

+81 келі. Елдана Талипова

+92 келіде жұдырықтасатын қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен қытайлық 54 келіде жұдырықтасатын Юан Чанг ең үздік боксшылар деп танылды.

- Биыл елорда төрінде үшінші мәрте ұйымдастырылған бокстан ересектер арасындағы «Елорда кубогі» турнирі мәресіне жетті.  Бір аптаға жалғасқан байрақты бәсекеде отандастарымыз өте жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынды жеңіп алды. Халықаралық жарысқа жерлестеріміз бірнеше құраммен қатысқанын айта кеткен жөн. Париж Олимпиадасында ел намысын қорғайтын боксшыларымыз төрт жылдықтың маңызды додасы алдындағы соңғы дайындық жекпе-жектерін өткізсе, жас боксшыларға үлкен тәжірибе алаңы, бапкерлік құрамға өздерін дәлелдеу үшін зор мүмкіндік болды. Халықарлық сайыста топ жарған былғары қолғап шеберлерін жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтаймын! - деді Ермек Маржықпаев.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив