KZ
Өскемен
-4°
небольшой снег жел 2 м/с, СБ
530.12 546.08 5.17

ШҚО-да жүз мыңнан астам цифрлық кадастрлық қызмет көрсетілген

"Азаматтарға арналған үкімет" ШҚОФ

18.05.2024, 22:00 197 Назерке Каримова

"Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" ақпараттық жүйесі арқылы жалпы 2,5 млн-нан астам қызмет көрсетілді.

Оның ішінде ШҚО бойынша 108 мыңнан астам қызметті ШҚО филиалы көрсеткен, деп хабарлайды Аltainews.kz тілшісі.

Ең жиі алынатын анықтама - жылжымайтын мүліктің болуы және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар туралы анықтама болып табылады.

Естеріңізге сала кетейік, ЖМБМК АЖ 2023 жылдың 1 шілдесінде енгізілген болатын. Бұл жүйеге жер және құқықтық кадастрлардың деректері біріктірілді.

- Қазіргі уақытта ақпараттық жүйенің көмегімен жылжымайтын мүлік саласында 8 мемлекеттік қызмет және жер кадастры желісі бойынша 4 қызмет көрсетіледі. Мұнда, мәселен, құқық белгілейтін құжаттар мен техникалық паспорттардың телнұсқаларын алуға, жер учаскесінің кадастрлық паспортына тапсырыс беруге және алуға, учаскені бағалауға болады, - деп атап өтті "Азаматтарға арналған үкімет" ШҚО бойынша филиалы директорының орынбасары Дмитрий Галанин.


ЖМБМК маңызды ерекшелігі құжаттарды оңтайландыру болды. Нәтижесінде, жылжымайтын мүлікке техникалық паспорт және жер учаскесіне акт бір құжатқа - кадастрлық паспортқа біріктірілді.

Айта кетейік, ШҚО бойынша бүгінде "Жылжымайтын мүліктің бірыңғай мемлекеттік кадастры" арқылы 18 мыңнан астам кадастрлық паспорт берілді.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу