KZ
Өскемен
+31°
ясно жел 5 м/с, СБ
473.95 513.38 5.5

ХҚКО-да халық өз-өзіне қызмет көрсететін болды

16.01.2019, 10:37 275

2019 жылы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 152 кеңсеге өзгеріс енгізбекші: оның 40%-ы – операциялық зал, онда азаматтарға операторлар қызмет көрсетеді, 60%-ы – "Connection Point" өз-өзіне қызмет көрсету секторы болады, деп хабарлады Алтайньюс тілшісі.


Қазіргі уақытта мұндай қағидамен корпорацияның 174 кеңсесі жұмыс істеуде.


Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» коммерциялық емес акционерлік қоғамының баспасөз қызметі мәлімдейді.


Аталған өзгерістер электронды форматтағы қызметтерді пайдалану деңгейін арттыру үшін енгізіліп отыр.


Қазақстанда халыққа қызмет көрсететін 16 цифрлық орталық бар екен. Онда азаматтар өз-өзіне қызмет көрсетуден бөлек, оператордың көмегінсіз мемлекеттік қызмет алуды да үйрене алады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив