KZ
Өскемен
-3°
туман жел 3 м/с, В
495.95 524.37 4.98

Күршімде қатып қалған құбырлар ерекше тәсілмен жібітіліп жатыр

15.01.2019, 11:21 59

Биыл да Күршімдегі коммуналдық шаруашылық қызметкерлері қыс ортасында жер қазып, қатып қалған құбырларды қайта жібітуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.


Бунтовских көшесіндегі «Құштар» шаштаразы орналасқан аумағындағы тұйық көшелердегі тұрғын үйлерді сумен қамтамасыз етіп тұрған құбыр жылда қатады.


- Себебі құбырлар таяз орналасқан,-дейді комшар шебері Қасымхан Шабданбеков,- бұған дейін Бауыржан Момышұлы, Бунтовских көшелеріндегі су құбырлары жігінен ажырап орталықтандырылған су жүйесіне қосылған тұрғындарға бірнеше күн қолайсыздық туындатқан болатын.


Шебер Қасымхан Шабданбеков пен сантехник Марат Садуақасов құбырларды қалпына келтіру жұмыстары бірнеше күнге созылатындығын айтуда. Су қатқан құбырларды еріту үшін қолдан жасалған бу қондырғысы (суретте) қолдан жасалыпты. Жылытқыш лампамен ішіне су толтырылған құтыны қыздырып, одан шыққан бу арқылы мұздап қалған құбырға ыстық ауа жіберіледі. Осылайша, құбырлар қалпына келтіріліп, су көзінен ажыраған үйлерге қайтадан су беріле бастайды.


Жалпы, Күршім ауылындағы су құбырларының ұзындығы 14 шақырым. Олар Барақ батыр, Бунтовских, Бауыржан Момышұлы, тұраров, Захаров, Тоқаев,Зангин және Ибежанов тұйық көшесін қамтыған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу