Балықшыларға мұздағы қауіпсіздік ережелері ескертілді
"Мұз-2024" республикалық үгіт-профилактикалық акциясы аясында облыс құтқарушылары профилактикалық рейдтерді жандандырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Су айдындарындағы қауіпсіздік ережелеріне сәйкес, мұз қалыңдығы 10 см-ден кем болса, шығуға тыйым салынады. Қалыңдығы 25 сантиметрден кем мұзға шыққан кезде өзімен бірге ысқырық, құтқару жилеті, шильц, арқан, диаметрі кемінде 11 мм, ұзындығы кемінде 12 метр таяқ болуы қажет.
ШҚО ТЖД мамандары қолайсыз ауа райында, қас қарайғанда және мас күйінде мұз бетіне балық аулауға шығуға болмайтынын қатаң ескертеді.
Оқи отырыңыз