14 қаңтар. ШҚО ауа райы: жел, көктайғақ, аяз
14 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы құбылмалы. Жауын-шашын жауып, соңы көктайғаққа ұласуы мүмкін. Сондай-ақ тұман түсіп, тиісінше жел күшейеді, деп хабарлайды Алтаньюс тілшісі.
Синоптиктер аптаның алғашқы күніне осындай болжам жасап отыр.
– Шығыс Қазақстан облысында тұман түсіп, жел күшейеді, – деп жазылған «Қазгидромет» хабарламасында.
Мамандар сөзіне сенсек, Шығыс аймақтарында аяз түсе бастайды. Күндіз 8-13, түнде 18-23 градусқа дейін күн суытады.
Оқи отырыңыз