Зайсан қаласының жылу жүйесі жаңартылуда
Ағымдағы жылы Зайсан қаласында облыстық бюджет есебінен “Спамбетов” және “Сәтбаев” қазандықтарының үш қазанына жөндеу жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бұл шаралар қаланың әлеуметтік нысандары мен көппәтерлі тұрғын үйлерін үздіксіз және сапалы жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, жылу қуатының резервін қамтамасыз ету мақсатында 2,8 МВт қуаты бар жаңа газ қазандығы сатып алынды.
Қазіргі таңда жылу көздері штаттық режимде жұмыс істеп тұр, ал жылумен жабдықтау белгіленген температуралық кестеге сәйкес жүргізілуде.
Зайсан қаласында жылыту маусымының тұрақты өтуі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бақылауында.