KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, ОШ
519.61 610.13 6.54

9 шілде күні Өскеменде спорттық Ореп air өтеді

5.07.2022, 11:53 531

Белсенді демалысты сүйетін Өскемен тұрғындар мен қонақтарын 9 шілде күні сағат 17.00-де Комсомол аралында спорттық Ореп air-ге шақырады.

Ол жерде командалық ойындар, жарыстар, футбол, волейбол, баскетбол (командалар сол жерде құрылады) ойындары болады. Жас санаты 15 жастан басталады. 

Сондай-ақ "Көңілді старт» көңілді эстафета, спорттық жарыстар, ойындар да өтеді.

Балалардың жас санаты - 7 жастан 15 жасқа дейін (командалар сол жерде құрылады).

Қатысушыларды тіркеу сағат 16.45-те басталады. Өтетін орны: Комсомол аралы.

 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу