KZ
Өскемен
-7°
туман Штиль
479.23 534.96 5.16

Ішімдік талап етіп, егде жастағы әйелді ұрып-соққан - Глубокое

11.03.2022, 12:01 152

Глубокое ауданының полиция бөліміне 62 жастағы зейнеткер жүгінген. Ол түнде оның 34 жастағы танысы үйге кіруге қарсылық білдіргеніне қарамастан, оның үйіне заңсыз баса-көктеп кіріп, оған дене жарақаттарын түсіргенін хабарлаған.

Шақырылмаған қонақ жәбірленушіге алкогольдік сусын сұрап келген. Алайда сұрағанын бермегені үшін ашуланып, қорғансыз әйелге шабуылдап, аяусыз соққыға жығып, қолындағы темір затпен бірнеше рет ұрып жіберген.

- Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Тергеу барысында күдікті кінәсін мойындаған. Бүгінгі күні ұсталған азамат ешқайда кетпеу туралы қолхатпен жүр. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 149-бабы 2-бөлігі «Тұрғынжайға қолсұғылмаушылықты бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив