KZ
Өскемен
-17°
туман Штиль
496.71 531.33 5.55

Өскемен – Самар трассасында қар көшкіні түсіріледі

Фото: pixabay.com

Кеше, 18:00 138 Әбішев Ержан

«Қазселденқорғау» мемлекеттік мекемесінің ШҚО филиалының мәліметіне сәйкес, ертең, яғни 6 наурыз күні сағат 10:00-ден бастап облыстық Өскемен – Самар автомобиль жолының 95-102 шақырымында қар көшкінінің алдын алу мақсатында жоспарлы көшкін түсіру жұмыстары жүргізіледі, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Осыған байланысты жол қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Жүргізушілер мен жолаушыларға сақтық шараларын сақтауды және аталған бағыттағы қозғалысты алдын ала жоспарлау ұсынылады.

Қосымша ақпаратты «Darmen» мобильді қосымшасынан және төтенше жағдайлар қызметінің ресми арналарынан білуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу