Әйелдер – мейірім мен сұлулықтың символы (видео)

Фото: ALTAINEWS.KZ
8 наурыз – жай ғана күнтізбедегі дата емес, бұл көктемнің шуағындай жылулық пен құрметке толы ерекше мейрам. Бұл күн әйелдердің қоғамдағы, отбасындағы және әр саладағы еңбегін бағалап, оларға алғыс білдірудің тамаша мүмкіндігі.
«Көз микрохирургиясы клиникасы» ЖШС директоры, ШҚО бас офтальмологы, ҚР Офтальмологтар қауымдастығының вице-президенті, облыс әкімінің отбасы және гендерлік саясат мәселелері жөніндегі штаттан тыс кеңесшісі Зарина Камасова барша әйелдерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
– Бұл мереке тек сұлулық пен нәзіктікті ғана емес, сонымен қатар әйелдердің сарқылмас күш-жігері мен қоғамдағы рөлін айшықтайды. Сіздердің мейірімдеріңіз, даналықтарыңыз бен қамқорлықтарыңыз өмірімізге шуақ сыйлайды. Әрбір әйел сыйластыққа, шынайы ризашылыққа және шексіз бақытқа лайық! – деді Зарина Камасова.
Оқи отырыңыз