Шетелдік туристер Шығысқа неге аз келеді?

Altaynews
Қазақстанға келетін шетелдік туристер арасында Шығыс Қазақстан аса танымал емес. Бұл жөнінде ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ержан Еркінбаев мәлімдеді.
Белгілі болғандай, Астана, Алматы қалалары мен Маңғыстау облысы еліміз бойынша шетелдіктер көп таңдайтын саяхат бағыттарында көш бастап тұр, – деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Ал, өкінішке қарай, туристік әлеуеті зор, қарасаң көз тоймайтын табиғаты бар Шығыс Қазақстан облысы демалыс мерзімінің ұзақтығы бойынша үздік үштікке енбей қалған.
Шетелдік меймандар оңтүстік астанада орта есеппен 3-5 күн, елордамызда 2-3 күн, ал Каспий теңізінің жағалауында 7-12 күн өткізген екен.
Сондықтан біздің Шығыс Қазақстандағы туризм саласының мамандарына да бұл мәселеде жоғары көрсеткіштерге жету үшін дұрыс шешімдер қабылдау, нақты қадамдар жасау қажет сияқты.