KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 5 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

Аю атқан шығысқазақстандық тұрғын ұсталды

Фото: ШҚО ПД баспасөз қызметі

28.09.2023, 12:02 8 362 Ләззат Қанатқызы

Өскемен қаласының 37 жастағы тұрғыны Ново-Троицкое ауданында заңсыз аң аулаумен айналысқан.

Күдікті аюдың етін жеке тұтыну үшін атып өлтірген, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

Тәртіп сақшылары оқиға орнынан заттай айғақтарды, рұқсат құжаттары бар 12 калибрлі «Ataarms» және 308 калибрлі «Zauermod» мылтықтары, квадроцикл және аюдың ұшасын тәркіледі, кейін олар ветеринарлық зертханаға сақтауға берілді.

Күдіктіге қатысты келуге міндеттеу түріндегі процестік мәжбүрлеу шарасы таңдалған.

- Осы факті бойынша күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 337-бабы 1-бөлігі «заңсыз аңшылық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аталған бап үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді, - дейді ШҚО ПД баспасөз қызметі.

Сондай-ақ тәртіп сақшылары барлық аң аулау әуесқойларына еліміздің табиғатты қорғау заңнамасы мен сақтық шараларын сақтауды сұрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу