KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
522.38 612.6 6.54

20 желтоқсан: Өскеменде бас шырша шамы жағылады

Бүгін, 10:00 80 Төлеуғазы Жансая

Өскемен қаласында көптен күткен мерекелік шаралардың бірі – бас шырша шамын жағу рәсімі өтеді. Шара 20 желтоқсан күні Республика алаңында ұйымдастырылады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қала әкімдігі тұрғындар мен қала қонақтарын жаңа жылдық көңіл күй сыйлайтын мерекелік кешке қатысуға шақырып отыр. Бас шырша шамының жағылуы – Жаңа жыл мерекесінің басталғанын білдіретін дәстүрлі әрі әсерлі сәттердің бірі.

– 20 желтоқсан күні Республика алаңында облыстың бас шырша шамы жағылады. Барша қала тұрғындары мен қонақтарын мерекеге белсене қатысуға шақырамыз. Мерекелік атмосфераны бірге қалыптастырайық, – делінген Өскемен қаласы әкімдігінің хабарламасында.

Қатысушылар сағат 16:00-де «Ласточка» гастрономының маңында жиналады.
Бас шырша шамының жағылуы қала тұрғындарына ерекше көңіл күй сыйлап, алдағы Жаңа жыл мерекесіне деген қуанышты еселей түспек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу