KZ
Өскемен
+24°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, ОБ
515.03 584.82 6.24

Маралды ауылындағы көпір жөнделіп жатыр – Күршім ауданы

15.04.2025, 15:14 179 Ержан Әбіш

Күршім ауданындағы Маралды ауылдық округінің орталығы Маралды ауылында орналасқан Қараөткел көпірін қалпына келтіру жұмыстары басталды. Бұл жұмыстарды «Облшығысжол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта жөндеу жұмыстарына 9 адам және 5 техника жұмылдырылған. Атап айтқанда, 1 трактор («петушок»), 1 погрузчик, 1 манипулятор, 1 КамАЗ (Хова), 1 «Газель» көлігі жұмысқа тартылған.

Көпірдің қалпына келтірілуі – ауыл тұрғындары үшін маңызды инфрақұрылымдық мәселе.

Жұмыстар тиісті бақылауда, әрі белгіленген мерзімде аяқталады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу