Семейдегі университеттердің біріне Әлихан Бөкейханның есімі берілді
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында және ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың туғанына 155 жыл толуына орай бірқатар шаралар атқарылуда.
Семейдегі Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетіне Әлихан Бөкейханның аты беріліп, бас ғимаратында ұлт қайраткерінің бюсті ашылды.
Шараға қала басшылығы, алаштанушы ғалымдар, зиялы қауым және білім алушы жастар қатысқан.
Бюст авторы – белгілі мүсінші, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің профессоры, Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі Талғат Анарбеков.
Оқи отырыңыз