KZ
Өскемен
-24°
плотный туман жел 1 м/с, СБ
506.7 593.14 6.53

Марқакөлдік ардагерге құрмет көрсетілді

4.05.2025, 10:00 439 Ержан Әбіш

Боран ауылында ерекше бір тағылымды кездесу өтті. Ауданның жастары мен үлкендері бас қосып, сұрапыл соғыстың куәгері, елге еңбегі сіңген ардагер Павел Еремеевич Стрехоның шаңырағына ат басын тіреді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Павел Еремеевич жастайынан майданға аттанып, от пен оқтың ортасында жүріп, Жеңіс күнін жақындатуға бар күшін салған. Елге аман-есен оралған соң, тынымсыз еңбекпен ауылдың өсіп-өркендеуіне атсалысты. Саналы ғұмырын қарапайым еңбекке арнап, елге адал қызмет етті. Қазір 99 жаста.

Кездесуде ардагерге гүл шоқтары мен шағын сыйлықтар тарту етілді. Бүгінгі ұрпақ оның ерен ерлігі мен адал еңбегіне алғыс айтып, жылы лебіздерін білдірді.

Өз сөзінде Павел Еремеевич еліміздің бүгінде тыныш, бейбіт күн кешіп отырғанына ризашылығын білдіріп, жастарға елге қызмет етуді, тарихты ұмытпауды аманат етті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу