KZ
Өскемен
-1°
небольшой снег жел 4 м/с, Ю
512.81 604.19 6.57

ШҚО-да аптап ыстық болады: өрт қаупі сақталады

pixabay.com

3.07.2025, 08:00 234 Ержан Әбіш

5 шілдеге дейін Шығыс Қазақстан облысының оңтүстік бөлігінде күндізгі уақытта ауа температурасы +40...+42°C-қа дейін көтеріледі. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК ШҚО филиалы мәлімдеді, деп хабарлайды Altainews.kz.

Синоптиктердің айтуынша, өңірде аптап ыстықпен қатар, төтенше өрт қаупі сақталады. Осыған байланысты тұрғындарға ауа райының күрт өзгеруіне байланысты барынша сақ болу ескертіледі. Әсіресе ашық далада және орман алқаптарында қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау қажет.

Мамандар күннің ең ыстық уақыты – сағат 11:00 мен 17:00 аралығында далада ұзақ болмауға кеңес береді. Бұл кезеңде физикалық белсенділікті шектеу, көлеңкелі және салқын жерлерде болу ұсынылады. Ыстық ауа райы адам денсаулығына, әсіресе жүрек-қан тамырлары аурулары бар азаматтарға кері әсер етуі мүмкін.

Су жағасында демалуды жоспарлаған тұрғындар да сақтық шараларын ұстануы тиіс. Рұқсат етілмеген жерлерде шомылуға болмайды, балаларды қараусыз қалдырмау қажет. Сондай-ақ алкогольдік ішімдіктер ішіп суға түсу — өмірге қауіпті.

Ауа райының аптапты болуы өрт қаупін де күрт арттырады. Осы орайда тұрғындарға отты абайсыз қолданбауға, үй мен саяжай маңында от жақпауға кеңес беріледі. Құрғақ шөп пен қамысты өртеу, темекі тұқылын немесе шыны бөтелкелерді тастау — үлкен өртке себеп болуы мүмкін. Әрбір үйде бастапқы өрт сөндіру құралдары дайын болуы тиіс.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда тұрғындар бірден «112» нөміріне қоңырау шалуы керек.

Қауіпсіздік – әр азаматтың ортақ жауапкершілігі. Сондықтан да Шығыс Қазақстан облысының тұрғындарына алдағы аптапты күндері аса сақ болып, барлық ескертулерге назар аударуы сұралады.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу