Ұлттық парктегі фототұзаққа қабандар түскен - ШҚО
Фото: видеодан скрин-шот
Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары орнатқан фототұзаққа жабайы қабандар түсіп қалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Парк мамандарының айтуынша, кадрға түскен – Орталық Азия қабандары. Фотода аналық қабан мен оның бірнеше торайы көрінеді. Бұл жануарлар негізінен өсімдік тамырларымен, жемістермен, жәндіктермен және ұсақ жануарлармен қоректенеді. Олардың табиғи мекені – орманды алқаптар, қамысты өзен жағалаулары мен сулы-батпақты жерлер.
– Қабан жылына бір рет балалайды. Буаздық мерзімі шамамен 115 күнге созылады, бір уақытта 4-тен 10-ға дейін торай табады, – деп мәлімдеді Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінен.
Елизавета Седых
Видео: Тарбағатай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Оқи отырыңыз