Тарбағатай: Ұлттық парктегі фототұзаққа тағы бір аң түсті
Шығыс Қазақстандағы «Тарбағатай» ұлттық паркінің аумағынан қойылған фототұзаққа елік түсіп қалды. Камера жабайы жануардың табиғи ортадағы жүріс-тұрысын жазып үлгерген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Мамандардың айтуынша, бұл – сібір елігі. Орман, тау, дала – қай жер болмасын бейімделіп өмір сүре алатын шөпқоректі жануар.
Қазір Шығыс Қазақстанда күн қатты ысып тұр. Сондықтан еліктер күн астында көп жүрмейді – көлеңке, бұталар арасын, салқын орынды паналайды.
«Тарбағатай» ұлттық паркінде орнатылған фототұзақтар арқылы жануарлардың табиғи тіршілігін бақылауға мүмкіндік бар. Бұл – табиғатты қорғау шараларының бірі.
Елизавета Седых
Фото/видео: «Тарбағатай» ұлттық паркі


