KZ
Өскемен
-12°
облачно с прояснениями жел 1 м/с, С
512.83 600.58 6.36

Алтай ауданында «Мерейлі отбасы» байқауының үздіктері анықталды

11.07.2025, 11:00 295 Ержан Әбіш

Алтай ауданында «Мерейлі отбасы» ұлттық байқауының аудандық кезеңіне қатысқан отбасылар марапатталды. Бұл шара – ұрпақтар сабақтастығын, жанұядағы сүйіспеншілік пен құрметті дәріптейтін жарқын оқиға, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Аудан әкімдігі хабарлағандай, биылғы байқауға 15 отбасы қатысып, әрқайсысы алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімінің орынбасары Жанна Асқарова отбасы институтының қоғамдағы маңызды рөлін атап өтіп, жас ұрпақты тәрбиелеуге қосқан үлестері үшін қатысушыларға алғыс білдірді.

Пономарёвтар отбасы – Максим Владимирович пен Алеся Александровна екі баланы мейіріммен тәрбиелеп отырған жұп. Олар – өзара сыйластық пен жауапты ата-аналықтың үлгісі. Бұл жанұя «Мерейлі отбасы» байқауына қатысу арқылы отбасылық құндылықтарды насихаттауға зор үлес қосты.

Исеновтер отбасы – байқау барысында ерекше көзге түскен үлгілі жанұя. Отбасының тірегі Нұрлыбек Исенов – «Казцинк» ЖШС-нің Малеев кенішінде жұмыс істейтін жер асты жарушы-крепильщик. Еңбекқор, жауапты маман.

Жұбайы Гүлмира Исенева – ерекше балалармен жұмыс істейтін арнайы мектеп-интернатта директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі және логопед. Отбасында төрт бала тәрбиеленіп жатыр. Балалардың барлығы – озат оқушылар, олимпиадалар мен шығармашылық байқаулардың жеңімпаздары.

Үлкен ұлдары медицина университетінде оқиды, екеуі спорт пен шахматқа қызығады, кенжелері – STEAM-турнирдің жеңімпазы, сурет салуды жақсы көреді. Отбасы ұлттық оюлармен жіптен қолөнер бұйымдарын жасап, шығармашылықпен айналысады.

Калекперовтер отбасы – Данияр Зарлыханұлы мен Айнұр Тұрғынтайқызы Тұрғысын орта мектебінде мұғалім болып жұмыс істейді. Үш баланы сүйіспеншілік пен өзара құрметке негізделген ортада тәрбиелеп отыр. Ауыл өміріне белсене араласып, мәдени-көпшілік іс-шараларға үнемі қатысады. Жерлестері бұл жанұяны ашықтығы мен қайырымдылығы үшін ерекше қадір тұтады.

Байқау қорытындысы бойынша екі отбасы Алтай ауданының атынан облыстық кезеңге қатысатын болды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу