KZ
Өскемен
+27°
ясно жел 2 м/с, С
467.29 501.03 5.35

«Мерейлі отбасы-2024» ұлттық конкурсына 3 мыңнан астам отбасы қатысады

17.06.2024, 20:27 49 Ләззат Қанатқызы

«Мерейлі отбасы-2024» конкурсына өтінімдерді қабылдау аяқталды. Биыл Қазақстанның ең үлгілі отбасы атағына 3369 үміткер қатысуға ниет білдірді, деп хабарлайды Altainews.kz сайты ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Өтінімдердің басым бөлігі Қарағанды, Жетісу, Қызылорда облыстарында, сондай-ақ Астана мен Алматыда қабылданды. Ұлытау, Атырау, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарының тұрғындардың белсенділігі төмен болды.

Өтінімдер тек қатысушылардың атынан ғана берілмеді, 1482 отбасын ұйымдар мен еңбек ұжымдары ұсынды.

Дәстүр бойынша «Мерейлі отбасы» конкурсының марапаттау рәсімі Отбасы күні қарсаңында өткізіледі. Жеңімпаздарға 1 миллион теңге қаржылай сыйлық табыс етілмек.

Айта кету керек, 10 жыл ішінде ұлттық байқауға 20 мыңнан астам отбасы қатысқан.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив