Күн қайта жылиды - синоптиктер үш күнге болжам жасады
Қазгидромет мамандары 17-19 тамыз аралығындағы ауа райына болжам жасады. Соған сәйкес, республика бойынша күн қайты жылиды.
Елдің басым бөлігінде жауын-шашын болмайды. Тек солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста өткінші жаңбыр жауады. Найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Сондай-ақ жел болады деген болжам жасалды.
Алдағы үш тәулікте күн жылы болады. Солтүстікте күндіз +25...+32°C, оңтүстік пен оңтүстік-шығыста +25...+37°C, орталық пен шығыста +20...+31°C жылы болады.
Қазақстанның батысында жауын-шашын болмайды, ауа температурасы +32...+43°C көрсетеді.
Оқи отырыңыз