KZ
Өскемен
-5°
переменная облачность жел 4 м/с, Ю
519.61 610.13 6.54

Ертең Өскеменде ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді

Фото: редакция мұрағатынан

11.07.2025, 17:30 204 Ержан Әбіш

Ертең, 12 шілде күні, облыс орталығында ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Өскемен тұрғындары бұл күні жергілікті өндірушілерден тікелей сапалы өнімдерді сатып ала алады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жәрмеңке Назарбаев даңғылы, 68 мекенжайындағы Достық үйінің алдындағы алаңда ұйымдастырылады. Сауда таңғы сағат 8:00-ден 15:00-ге дейін жалғасады. Өз өнімдерін Өскемен қаласы мен жақын маңдағы аудандардың шаруалары ұсынады.

Сөрелерде сүт және ет өнімдері, шұжықтар, бал, көкөністер мен жемістер және жаздың басқа да табиғи тартулары болады. Барлық өнімдер делдалсыз сатылатындықтан, тұрғындар тауарды қолжетімді бағада алса, шаруалар өз тұтынушыларын таба алады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жәрмеңкенің басты мақсаты – жергілікті ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау және тұрғындарды экологиялық таза, балғын өнімдермен қамтамасыз ету.

Қалалық әкімдік барша тұрғындарды жәрмеңкеге келіп, пайдалы сауда жасап, жергілікті өндірісті қолдауға шақырады.

Дамир Омаров

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу