KZ
Өскемен
-6°
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
517.66 606.49 6.44

Үкімет әлеуметтік салаға бөлінетін қаражаттың жұмсалуына бақылауды күшейтті

Фото: Edar / Pixabay

15.07.2025, 15:05 235 Ержан Әбіш

Үкімет отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте Премьер-министр Олжас Бектенов әлеуметтік сала шығындарына қатысты журналистердің сауалына жауап берді, деп хабарлайды Altainews.kz Primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.

Республикалық бюджеттің 50 пайыздан астамы жыл сайын әлеуметтік салаға бағытталады. Бұл қаражат зейнетақылар, бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысы, көпбалалы және аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға берілетін жәрдемақылар, сондай-ақ мектептер мен ауруханалар құрылысы, инфрақұрылымды дамыту сияқты бағыттарға жұмсалады. Үкімет бұл салада кешенді, жүйелі жұмыс жүргізіп келеді.

Сонымен қатар қазіргі таңда бөлінетін қаражаттың тиімді жұмсалуына бақылау күшейтілді. Бірқатар параметрлер мен тәсілдер қайта қаралып жатыр.

Премьер-министрдің айтуынша, жүргізілген талдау барысында қолдау шараларын теріс пайдалану деректері анықталған. Бұл – әлеуметтік әділеттілік қағидаттарына қайшы.

– Біз бүгінде халықты алты санатқа бөліп отырмыз. Цифрлық отбасы картасы жұмыс істеп тұр, барлық дерек цифрландырылған. Тұрмыс деңгейіне қарай жіктеліп жатыр. Алтыншы санат – бұл табысы жеткілікті деңгейдегі азаматтар мен отбасылар. Біз оларды әлеуметтік көмек алушылар қатарынан алып тастаймыз. Көбірек назар өзін қамтамасыз ете алмайтын, жұмыс істеуге мүмкіндігі жоқ азаматтарға аударылады. Мәселен, көпбалалы ана балаларды тәрбиелеуіне байланысты жұмыс істей алмайды. Мүгедектігі бар азаматтың денсаулығына байланысты еңбекке жарамдылығы жоқ. Біз дәл осындай санаттағы адамдарға басымдық береміз. Өкінішке қарай, елімізде әлеуметтік масылдық пен алаяқтық фактілері де бар. Қазір әрбір жағдайды жеке қарап, қалған заңсыз схемалардың жолын кесеміз. Әлеуметтік көмек тек шын мұқтаж адамдарға берілуі тиіс, – деді Олжас Бектенов.

Фото: primeminister.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу